Сұрақтар мен жауаптар
  • Топ 10 сұрақ
  • Мобильді қосымша
  • Көлік картасы
  • Төлемдер
  • Жалпы сұрақтар

Avtobys мобильді қосымшасына тіркелу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Телефон нөмірін енгізіп, қаланы таңдаңыз.

2. Көрсетілген телефон нөміріне смс-код жіберіледі, оны Avtobys қосымшасына енгізу қажет.

3. Смс-кодын енгізіңіз.

4.Сәтті тіркелуіңізбен құттықтаймыз!

- «Көлік картасы» бөлімін ашыңыз

- «Картаны байланыстыру» түймесін басыңыз

- Карточканың атын ойлап табыңыз

- ЖСН мен картаның артқы жағындағы нөмірді енгізіңіз

- «Байланыстыру» түймесін басыңыз

Біріншіден, картаны бұғаттау керек, ол үшін Avtobys қолдау қызметіне хабарласу керек. Одан кейін сіз жаңа картаны сатып ала аласыз, ал жоғалған картада теңгерім болса, оны жаңа көлік картасының теңгеріміне аударуға болады.

Ақшаны аудару немесе картаны сатып алу үшін қалаңыздағы қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласу қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 727 317 47 05 (WhatsApp).

Қазіргі уақытта теңгерімді толтырудың 2 жолы бар!

1. Qiwi, РПС және Kassa24 терминалдары арқылы.

Ол үшін терминалдағы «көлік және саяхат» бөліміне кіру керек. Онда Avtobys-ты тауып, оны таңдау. Алдынала телефон нөміріңізді тексеріп, сосын енгізіңіз, содан кейін соманы енгізіп, төлемді растаңыз.

2. Kaspikz, Сбербанк, Еуразиялық банк, Форте банк, Qiwi, Kassa24, Юрта әмиян, Halyk Bank және aitu қосымшалары арқылы. Толтыру кезінде қосымшада тіркелген телефон нөмірін еңгізу қажет.

Назар аударыңыз! Мобильді қосымшаның теңгерімі және көлік картасының теңгерімі бірыңғай болып есептелмейді.

- «Көлік картасы» бөлімін ашыңыз

- «Картаны байланыстыру» түймесін басыңыз

- Карточканың атын ойлап табыңыз

- ЖСН мен картаның артқы жағындағы нөмірді енгізіңіз

- «Байланыстыру» түймесін басыңыз

Қосымшада смс-кодын қайтадан сұраңыз.

Қайталап сұраудан кейін тіркелу үшін смс-код алмасаңыз, сізден сұраймыз:

1. Телефон нөміріңізді біздің +7 727 317 47 05 нөмірімізге WhatsApp арқылы жіберіңіз;

2. Avtobys қосымшасында смс-кодын қайтадан сұраңыз;

3. смс-кодын сұрағаннан кейін бірден бізге жазыңыз;

Біз сіздің кіру ұшін арналғын кодыңызды WhatsApp нөміріңізге жібереміз және қосымша сұрақтарыңызға жауап береміз

Қалаңыздың автопаркіне немесе қалаңыздың атқарушы органына хабарласуыңыз қажет. Біз тек төлемді жүйелеумен ғана айналысамыз.

Егер бұл жоғалған көлік картасынан алынған ақша болса, оны қолдау қызметінің кеңсесінде жаңа картаға аударуға болады.

Егер деректер қате енгізілсе немесе қате жіберілсе, өкінішке орай, ақшаны қайтару мүмкін емес.

Егер сіз теңгерімді өзіңіз қалаған сомадан артық толтырған болсаңыз, онда сіз басқа көлік картасының теңгеріміне немесе Avtobys қосымшасының теңгеріміне ақша аудара аласыз. Аудару үшін қалаңыздағы қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласуыңыз қажет.

Теңгерімді толтыру кезінде мұқият болуға кеңес береміз.

Картаңыз басқа нөмірге қосылған немесе сіздің нөміріңізге басқа карта байланыстырылған болуы мүмкін. Тексеру үшін +77273174705 нөміріне WhatsApp арқылы қолдау қызметімізге жазуыңыз қажет. Қосымшада тек бір көлік картасын байланыстыруға болады.

Картаның жұмыс істемеуінің бірнеше себептері болуы мүмкін.

1. Жол ақысын тіркеу үшін картада қаражат жеткіліксіз болуы мүмкін.

2. Мүмкін сіз жақында төлеген автобустың жол ақысын төлеуге тырысып жатқан боларсыз және жүйе жол ақысы төленді деп санайды. Сіз жүргізушіден рейсті қайта бастауды сұрауыңыз керек, сонда төлем қолжетімді болады.

3. Автобустағы картаға немесе валидаторға/планшетке қатысты техникалық проблемалар мен ақаулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда картаны тексеру үшін қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласуға кеңес береміз.