Мобильді қосымша немесе көлік картасы арқылы Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу.
Коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, интернет, білім, ойындар және т.б. үшін төлемдер.
Екі басудан аспас Bluetooth, QR-код, мемлекеттік тіркеу нөмірі, NFC және банк карталары арқылы төлеу.
Қосымша теңгерімін Kassa24, Yurta төлем терминалдары, электронды әмияндар, интернет-банкинг арқылы толтыруға болады.
Біз жай ғана жол жүру ақысын төлеу жүйесінен артықпыз. Біз — электронды әмиянбыз.
Енді аялдамада күтудің ешқандай қажеті жоқ. Қосымшада маршрутты қадағалап көлік аялдамаға келетін уақытына қарай аялдамаға барыңыз.
Отбасыңызға және достарыңызға, бір әмияннан екіншісіне немесе көлік картасына аударыңыз
Көлік картасы өткен шақта!
Ақылды әмиян қазірдің өзінде смартфоныңызда:
кез келген қызметке бір басу арқылы төлеңіз!

Деректеріңіз қауіпсіздікте. Avtobys қосымшасында орындалатын барлық операциялар заманауи жоғары технологиялық деректерді қорғау протоколдарымен қорғалған.
Алаяқтықты, карта ұрлығын, пайдаланушы теңгерімін анықтау үшін жасанды интеллект қолданылады.
Бізде келесі тарифтер қолжетімді:

Әр түрлі қалалар үшін тарифтер әртүрлі болуы мүмкін. Тарифтерді пайдалану шарттары сіздің қалаңыздың мәслихатымен белгіленеді.
Ақтау, Ақсай, Ақсу, Ақтөбе, Арыс, Астана, Атырау, Аягөз, Бейнеу, Жаңаөзен, Екібастұз, Кентау, Хромтау, Орал, Павлодар, Қонаев, Сатпаев, Семей, Шымкент, Ұзынағаш және Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Қырғызстанда, Ош қаласында.
Сіздің көлік картаңызды біз орналасқан барлық қалаларда пайдалануға болады.
Сіздің көлік картаңызды біз орналасқан барлық қалаларда пайдалануға болады.
Avtobys мобильді қосымшасына тіркелу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Телефон нөмірін енгізіп, қаланы таңдаңыз.
2. Көрсетілген телефон нөміріне смс-код жіберіледі, оны Avtobys қосымшасына енгізу қажет.
3. Смс-кодын енгізіңіз.
4.Сәтті тіркелуіңізбен құттықтаймыз!
- «Көлік картасы» бөлімін ашыңыз
- «Картаны байланыстыру» түймесін басыңыз
- Карточканың атын ойлап табыңыз
- ЖСН мен картаның артқы жағындағы нөмірді енгізіңіз
- «Байланыстыру» түймесін басыңыз
Біріншіден, картаны бұғаттау керек, ол үшін Avtobys қолдау қызметіне хабарласу керек. Одан кейін сіз жаңа картаны сатып ала аласыз, ал жоғалған картада теңгерім болса, оны жаңа көлік картасының теңгеріміне аударуға болады.
Ақшаны аудару немесе картаны сатып алу үшін қалаңыздағы қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласу қажет.
Қосымша сұрақтар бойынша: +7 727 317 47 05 (WhatsApp).
Қазіргі уақытта теңгерімді толтырудың 2 жолы бар!
1. Qiwi, РПС және Kassa24 терминалдары арқылы.
Ол үшін терминалдағы «көлік және саяхат» бөліміне кіру керек. Онда Avtobys-ты тауып, оны таңдау. Алдынала телефон нөміріңізді тексеріп, сосын енгізіңіз, содан кейін соманы енгізіп, төлемді растаңыз.
2. Kaspikz, Сбербанк, Еуразиялық банк, Форте банк, Qiwi, Kassa24, Юрта әмиян, Halyk Bank және aitu қосымшалары арқылы. Толтыру кезінде қосымшада тіркелген телефон нөмірін еңгізу қажет.
Назар аударыңыз! Мобильді қосымшаның теңгерімі және көлік картасының теңгерімі бірыңғай болып есептелмейді.
- «Көлік картасы» бөлімін ашыңыз
- «Картаны байланыстыру» түймесін басыңыз
- Карточканың атын ойлап табыңыз
- ЖСН мен картаның артқы жағындағы нөмірді енгізіңіз
- «Байланыстыру» түймесін басыңыз
Қосымшада смс-кодын қайтадан сұраңыз.
Қайталап сұраудан кейін тіркелу үшін смс-код алмасаңыз, сізден сұраймыз:
1. Телефон нөміріңізді біздің +7 727 317 47 05 нөмірімізге WhatsApp арқылы жіберіңіз;
2. Avtobys қосымшасында смс-кодын қайтадан сұраңыз;
3. смс-кодын сұрағаннан кейін бірден бізге жазыңыз;
Біз сіздің кіру ұшін арналғын кодыңызды WhatsApp нөміріңізге жібереміз және қосымша сұрақтарыңызға жауап береміз
Қалаңыздың автопаркіне немесе қалаңыздың атқарушы органына хабарласуыңыз қажет. Біз тек төлемді жүйелеумен ғана айналысамыз.
Егер бұл жоғалған көлік картасынан алынған ақша болса, оны қолдау қызметінің кеңсесінде жаңа картаға аударуға болады.
Егер деректер қате енгізілсе немесе қате жіберілсе, өкінішке орай, ақшаны қайтару мүмкін емес.
Егер сіз теңгерімді өзіңіз қалаған сомадан артық толтырған болсаңыз, онда сіз басқа көлік картасының теңгеріміне немесе Avtobys қосымшасының теңгеріміне ақша аудара аласыз. Аудару үшін қалаңыздағы қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласуыңыз қажет.
Теңгерімді толтыру кезінде мұқият болуға кеңес береміз.
Картаңыз басқа нөмірге қосылған немесе сіздің нөміріңізге басқа карта байланыстырылған болуы мүмкін. Тексеру үшін +77273174705 нөміріне WhatsApp арқылы қолдау қызметімізге жазуыңыз қажет. Қосымшада тек бір көлік картасын байланыстыруға болады.
Картаның жұмыс істемеуінің бірнеше себептері болуы мүмкін.
1. Жол ақысын тіркеу үшін картада қаражат жеткіліксіз болуы мүмкін.
2. Мүмкін сіз жақында төлеген автобустың жол ақысын төлеуге тырысып жатқан боларсыз және жүйе жол ақысы төленді деп санайды. Сіз жүргізушіден рейсті қайта бастауды сұрауыңыз керек, сонда төлем қолжетімді болады.
3. Автобустағы картаға немесе валидаторға/планшетке қатысты техникалық проблемалар мен ақаулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда картаны тексеру үшін қолдау қызметінің кеңсесіне хабарласуға кеңес береміз.